Республикалық дөңгелек үстел

24 сәуір 2024 жылы Қазақ ұлттық өнер университеті және АГЭУ «Сымбат» дизайн және технология нститутының бірлесіп ұйымдастыруымен Әбдіжәміл Нұрпейісовтың мерей тойына арналған «Ұлт намысын ұран тұтқан тұлға» атты республикалық онлайн дөңгелек үстел өткен болатын.


Дөңгелек үстелдің мақсаты: Жазушылық қабілеті түркі халықтарынан асып, Еуропаны мойындатқан, Қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік қаламгер Әбдіжәміл Нұрпейісовтың еңбектері арқылы жастардың туған елін, Отанын сүю, құрметтеу сезімдерін оятып, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру.


Дөңгелек үстелге “Bolashaq” Академиясы Қазақ тілі мен әдебиеті ББ бағдарламасының аға оқытушылары А.М. Баймамырова, Н.К.Касетова және 1 курс студенттері Жақсылықова Дана, Төлеген Сырым қатысты. Дөңгелек үстел өте жоғары деңгейде өтті.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.