13 қыркүйекте республикалық оқу әдістемелік бірлестігінің кеңейтілген отырысы өтті. Осы шараға Педагогика кафедрасының меңгерушісі пс.ғ.к. Абдрахманова Алуа Сәбитова қатысты. Отырыс Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің (Шымкент) базасында өтті.
Отырыс жаңа оқу жылының негізгі мәселелерін анықтау мақсатында өткізілді. Инклюзивті білім беру, Steam білім беру және т. б. бойынша жаңа формациядағы педагогтарды даярлауға қатысты сұрақтар болды.
Мұғалімдерді даярлау және мектептерде жұмыс істеу үшін олардың біліктілік тестін тапсыру талқыланды.
Жаңа оқу жылына арналған негізгі міндеттер мен бағыттар анықталды.