“Bolashaq” Академиясының студенттері қатысқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті “Парасаттылық сағаты” көрнекті қазақ ағартушысы-педагог, жазушы, этнограф, ғалым – фольклоршы, ұлт мұғалімі Ыбырай Алтынсариннің өміріне арналған.
Ыбырай Алтынсарин өзінің бүкіл саналы өмірін қазақ балаларын оқытуға арнап, қазақ даласы тарихындағы білім берудің негізін қалаушы- балалар әдебиетінің атасы болды. Алғашқы халық мектебін ашып, тұрғындарды балаларын мектепке беруге шақырып, қазақ тілінде оқулықтар жазды.
“Қазақ христоматиясының” алғы сөзінде автор: “осы кітапты құрастыра отырып, мен оның орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленетін қазақ балаларына арналған оқулық және жалпы ағарту үшін қолжетімді кітап болғанын қалаймын…», -деп жазды.
Қазақ жастары арасында білім беруді дамытудың маңыздылығын Алтынсарин өзінің басқа да көптеген шығармаларында сипаттаған. Оларға “Өсиет өлеңдер”, “Әй, жігіттер” және т. б. өлеңдері жатады. Оларда автор әділетсіздікті, ұрлықты, ескірген дәстүрлердің зияндылығын жоғары моральдық тұрғыдан сынайды және адал еңбек пен адамзаттың артықшылығын көрсетеді
.Атақты “Кел, балалар, оқылық” (“Давайте, дети, будем учиться”) өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер пайдаланып, білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты салыстырды.Оның шығармалары бүгінгі күнге дейін заманауи білім беру жүйесінің негізі болып табылады.
Жазушы адамгершілік туралы идеяларын эстетикалық тәрбиемен сипаттайды, оларды бір-бірімен байланыстырады.Ғалымның бай энциклопедиялық мұрасының жылдан жылға өсіп келе жатқан құндылығы халқымыздың мақтанышы болып табылады.
Ыбырай Алтынсарин – жаңа поэзияның негізін қалаушы, білім беру көшбасшысы және қазақ халқының алғашқы оқытушысы екені сөзсіз.
Ұлт мұғалімі біздің тарихымызда өшпес із қалдырды. Оның арманы-халықтың гүлденген болашағына нық сеніммен қарайтын білімді жастар.
2 thoughts on ““Парасаттылық сағаты”: Ыбырай Алтынсарин”
Керемет сабақ. Парасаттылық пен әдепке байланысты сабақтар жүргізуге жақсы тақырып.
Керемет сабақ. Парасаттылық пен әдепке байланысты сабақтар жүргізуге жақсы тақырып.