Осакаров ауданының мектеп түлектерімен кездесу

2025 жылдың 25 сәуірінде «Кәсіптер жәрмеңкесі» форумы аясында Академия оқытушылары Осакаров ауданының мектеп түлектерімен кездесу өткізді.

Біздің ЖОО-ның негізгі бәсекелестік артықшылықтары, білім беру бағдарламалары, оқыту нысандары туралы ақпарат ұсынылды.

Кездесу барысында ЖОО мен білім беру бағдарламасын таңдау кезінде туындайтын мәселелер талқыланды. Оқушылар біздің академияға қызығушылық танытып, сұрақтар қойды, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері, халықаралық конференцияларға, конкурстарға қатысу, жеңілдіктер, стипендиялар және оқу ақысының икемді жүйесі туралы ақпарат алды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.