Орны толмас өкініш

2020жылдың 8 қазанында өмірінің 102-ші жылындаАлександра Флегонтовна Миронова қайтыс болды.

Ол бүкіл өмірін ұстаздық етуге арнаған, тыл еңбеккері, еңбек сіңірген мұғалім, педагогикалық еңбек ардагері, позитивті және жарқын да тамаша адам еді.

“Bolashaq” академиясының студенттері мен ұжымы Александра Флегонтовнаның туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғысын бірге бөліседі.

Александра Флегонтовна Мироновамен қоштасу 2020 жылдың 10 қазанында сағат 12.00-де Бұқар жырау, 28 мекен-жайы бойынша өтеді.

Соғыстың алғашқы күнінен бастап қарапайым мұғалім қызметінде мектепте жанқиярлықпен жұмыс істеді, оқушыларға сабақ берді.

“Жұмыс істеу өте қиын болды, оқулықтар жоқ, қағаз жоқ, жазуға ештеңе болмады. оқушыларды газеттерге, кітаптарға жазғыздық Оқушылар сабақ барысында аштықтан, әлсіздіктен жиі есінен танып қалатын”- деп еске алды Александра Флегонтовна біздің студенттермен кездесу кезінде.

Оның қарапайым мұғалімнен мектеп директорына дейінгі өмір жолы қиындығымен қоса қызықты оқиғаларға толы болды, жарқын оқиғалар, мейірбан адамдарға деген сенім оның өмір сүруіне әрдайым күш-жігер беріп отырды, сол бір ауыртпалық жылдары Александра Флегонтовнаның өмірін сақтап қалды десе де болады.

Біздің кейіпкеріміз бірнеше ұрпақты өсірді. Оның үйі әрдайым қонақтан кенде болып көрген емес, өйткені, оның шәкірттері, балалары, немерелері және тіпті шөберелері бірінен-сөң бірі келіп, көпті көрген ұлағатты ұстазбен шүйіркелесіп, әңгімелесіп тұрады.

Александра Флегонтовнамен әр кездесудің өзі бір ғанибет. Жарасымды әзілімен және мойымас ынта-жігерімен ол өз шәкірттерін, өмір жолын сағына еске алып отырады. Оның өмірбаяны уақытқа саяхат секілді.

Александр Флегонтовна Миронова туралы оқыңыз:

Тыл еңбеккерімен кездесу

Тыл еңбеккерімен кездесу

Ризашылықпен

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.