📌2024 жылдын 04 желтоқсанында Қарағанды облысының Жастар ресурстық орталығы «Облыстық волонтерлер форумы-2024» іс-шарасын өткізді. Форум облыстың волонтерлері мен волонтерлік ұйымдарын дамытуға және ынталандыруға бағытталған жыл сайынғы іс-шара болып табылады. Іс-шараға волонтерлік ұйымдардан 400-ден астам қатысушы, облыстың жоғарғы оқу орындары мен колледждерінің студенттері, мектеп оқушылары мен жастар қоғамдық ұйымдарының өкілдері белсенді катысты.
✅”Bolashaq” Академиясындағы “Мейірім” волонтерлік ұйымының волонтерлері де осы белсенді қатысушылардың қатарынан табылды!

Форум қатысушыларына Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ә.Ү. Әлденей құттыктау сөз сөйлеп, ол 10 жеңімпазға өз жобаларын іске асыруга 500 000 теңгеден гранттар табыс етті.
✅Форумға қатысуға республикада волонтерлікті дамытуға елеулі үлес қосып жүрген спикерлер шакырылды — Айсулу Ерниязова – «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі кеңестің мүшесі, Әбдірәш Абылайхан – «Медициналық жастар» Республикалық, қоғамдық, бірлестікінің төрағасы, Ақбота Болатбекқызы «Jas Ulan Тeam» республикалық волонтерлер штабының басшысы, «Fenomen Jas» республикалық әлеуметтік жобасының басшысы. Сондай-ақ, облыс әкімдігінін алғыс хаттарымен облыстың 13 қаласы мен аудандарынан ерекше көзге түскен волонтерлерге алғыс хаттар табыс етті. Қарағанды облысының Жастар ресурстық орталығының волонтерлер фронт-офисінің басшысы А. Мырзанова 2024 жылы жүргізілген жұмыс және алдағы жылға арналған жоспарлар туралы ақпаратпен бөлісті. ҚР эстрада жұлдызы Айдын Жұмахан жастарға арнаған өз өнерімен кешті аяқтады.

✅Ұйымдастырушыларға айтар алғысымыз шексіз! Атқарылып жатқан жұмыстарыңыз оң нәтиже бере берсін!