Облыстық  панорамалық сабақтар байқауы

«Bolashaq»  Академиясының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Б.А.Абылбаева Қарағанды облысының білім басқармасы, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес 2024 жылдың 24 сәуірінде офлайн режимде  өткен «Заманауи білім беруде  Қанипа Бітібаеваның инновациялық технологиясы мен педагогикалық тағылымы» атты облыстық  панорамалық сабақтар байқауының ақтық кезеңінде әділ қазылар алқасы   құрамында жұмыс атқарды.

 Байқаудың мақсаты: Инновациялық әдіс-тәсілдерді оқыту үрдісіне енгізуді нәтижелі жүзеге асырып, мемлекеттік тілде сабақ беріп жүрген жаңашыл педагогтердің идеясы негізінде әдістемелік шеберлікті дамыту, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.

Ақтық кезең қатысушылары:

І бағыт бойынша  іріктеуден өткен 5 (бес) педагог  «Ең үздік сабақ»  жоспары бойынша ашық сабақ берді;

ІІ бағыт бойынша іріктеуден өткен 5 (бес) педагог панорамалық сабақтарын «Q talks» жобасы негізінде қорғады.

Мұғалімнің кәсіби өсуі мен педагогикалық шеберлігін жетілдіруіне, өзара тәжірибе алмасуларына, сонымен қатар дәуірдің дара ұстазы Қ.Бітібаеваның педагогикалық технологияларын тиімді пайдалана отыра келешек ұрпаққа саналы да сапалы білім беру жолында жүрген Қарағанды облысының білім басқармасы, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы басшыларына, байқауды ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз.

Облыстық кезең байқауы  өте жоғары деңгейде өтті, байқау жеңімпаздары І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен және Алғыс хаттармен   марапатталды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.