2022 жылдың 7 сәуірінде «Amanat» партиясы ғимаратының ақ залында NEET-тің жастарды жұмыспен қамту мәселелері және ел Президентінің жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту жөніндегі Тапсырмалары аясында қабылданып жатқан шаралар туралы көпшілік тыңдаулар өтті. Тыңдаулар онлайн-форматта да қолжетімді болды. Көпшілік тыңдаулардың жұмысына облыстық, қалалық мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының, бизнес-қоғамдастықтардың, қоғамшылдардың, жастар мен БАҚ өкілдері қатысты.

«Bolashaq» академиясының атынан іс-шараға «Bolashaq» академиясының жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Байшагиров М. К., «Вolashaq» студенттік Республикасының үйлестірушілері Қожахметов М. А. және Әбілжанов А. Б., «Мейірім» еріктілер клубының үйлестірушісі Мергембаев А. С. қатысты.
