2021 жылдың 26 сәуірінде ZOOM платформасында Bolashaq академиясының «Ғұмырдария» поэтикалық клубының кезекті отырысы өтті.

Іс-шараны «Bolashaq» академиясының әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Б.Т. Ахметова ашты.

Кеш қонағы халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, республикалық өлеңдер байқауларының бірнеше мәрте жүлдегері, ақын Қайрат Асқаров болды.
«Bolashaq» академиясының 1 курс студенттері: Хайыржанова Перизат, ФМ-20-1 тобынан, – Мұқағали Мақатаевтың «Өз – өзіңді жақсы көр…»; Жұрағат Аймарал, К-20-1 тобынан – Мағжан Жұмабаевтың «Қазақ тілі»; Төкен Мөлдір, К-20-1 тобынан – Абай Құнанбаевтың «Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол»; Сабырбаева Құралай, ФМ-20-1 тобынан – Мұқағали Мақатаевтың «Шыда, Шыда» шығармаларын оқыды.



«