Балқаш қалалық білім бөлімі Ә.Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицей ҚММ оқушылары мен ұстаздары “Bolashaq” Академиясының профессоры, филология ғылымдарының докторы Мәуен Хамзинмен онлайн форматта кездесу өткізді. “

Маманға 100 сауал” атты бұл кездесуде белгілі ғалым елжандылық мәселесі, тәуелсіздік, ЖОО мен мектептер арасындағы байланыс, мемлекеттік тіл, тарихи тұлғалар т.б. жайлы айтып берді, сауалдарға сәйкес өз өмір жолы жайлы, “Bolashaq” Академиясы туралы ой-толғамдарымен бөлісті.


