Ұлтының мәңгілігін ойлаған Алаш зиялылары

Ұлтының мәңгілігін ойлаған Алаш зиялыларының тарихи аз уақытта қазақ халқына сіңірген еңбектерін бағалау – қазіргі және келешек ұрпақтың жадынан шықпайтын қастерлі борышы. Осы орайда Қарағанды қаласының әкімі қолдауыменен 2024 жылдың 5 желтоқсан – 13 желтоқсан аралығында «Алаш Орда» автаномиясының құрылуына 107 жыл толуына орай, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Жақып Ақбаев, Әлімхан Ермеков және т.б белгілі тұлғаларымыздың еңбектерін, ұстамындарын, шығармашылығын жас ұрпақ арасында  насихаттау мақсатында Қарағанды қаласының мәдениет мекемелерінде «Алаш айлығы» аясында Алаш тарихын зерттеп, зерделеп жүрген белгілі ұлт зиялыларымен жүздесулер, республикамызға белгілі алаштанушылар, ғалымдар, өлкетанушы тұлғалар қатысатын дәрістер мен  мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар өткізілуде.

Сондай іс-шараның бірегейі 6- желтоқсан күні “Bolashaq” Академиясында әдемі кездесумен жалғасын тапты. Кеш қонағы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Тұран-Иран» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Ислам Ақмұратұлы Жеменей. Дәріс  «Алаш қозғалысының қазақ тарихындағы орны» тақырыбында болып,  Алаш зиялыларының қазақ халқына жасаған сан қырлы еңбектері жайлы тұщымды ойлар айтылды.

  Іс-шараны  Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ “Жас Алаш” ғылыми-зерттеу клубының жетекшісі Әділет Жағыпар жүргізді. Кешке Академияның студенттері мен  ғалымдары белсене қатысып, кеш соңында “Қазақ тілі мен әдебиеті” кафедрасының профессоры Мәуен Хамзаұлы ғалым Ислам Ақмұратұлына білім ордасы баспасынан шыққан энциклопедияны сыйға тартты. 

Алаш рухы, Алаш айтқан асыл сөздер біздің мәңгі жүрегімізде! Қазақ елі барда Алаш қайраткерлерінің асыл мұралары ешқашанда өшпейді!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.