Қазақстан Республикасының Ұлттық Валютасына 30 жыл толу күніне байланысты «Құқықтық және қаржылық пәндер» кафедрасы,дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге кафедра оқытушылары және «Қаржы» мамандығының 2,3,4 курс студенттері белсене қатысты. Ф-22-2 тобы «Ұлттық теңге мақтанышымыз», «Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы теңгеге – 30 жыл» атты презентация жасап, қорғап шықты.
15 қарашада Қазақстан тәуелсіздік рәміздерінің бірі – Ұлттық валюта күнін тойлайды.
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – Теңге 1993 жылдың 15 қарашасында дүниеге келді. Теңгенің тарихы ҚР Президентінің 1993 жылдың 12 қарашасында қол қойған «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Заңынан бастау алды.
Жаңа валютаның атауы – “теңге”, ал ұсағы – “тиын” еді. 13 қарашада барлық газеттер жаңа валютаның суреттерін берді. Ал қарашаның 15 – 20 аралығындағы уақыт сомды теңгеге ауыстыру үшін берілді. Тура алты күнде халық қолдағы ақшасын тәуелсіз елдің валютасына айырбастауы керек еді. Бес жүз сом бір теңгеге ауыстырылды. Ағартушы Әл-Фараби, күйші Сүйінбай, ғалым Шоқан Уәлиханов, ақын Абай, Әбілқайыр хан бейнеленген теңге халықтың арасына ене берді.
1993 жылы алғашқы тиындар қағазбен басылып шыққан болатын. Аз уақыттан кейін осы қағаз тиындар айналымнан алынып тасталынып, олардың орнына монета нысанындағы тиындар айналымға жіберілді
Банкнота – Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында , ал монета Өскемендегі монета сарайында дайындалынып шығарылады.
Эмиссиялық банктің басты міндеті айналысқа қажетті ақша мөлшерін шығару және артық мөлшерін айналыстан алу. Әрине, ақшаны айналысқа қажетті мөлшерден артық шығару оның құнсыздануына жол береді.
тиын) мынадай номиналдардан тұрды:
1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік банкноттар
1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар,
1, 3, 5, 10, 20 және 50 тиындық монеталар (бастапқыда қағаздан жасалған).
Кейіннен айналысқа:
1994 жылы 1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік және 1994 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар;
1995 жылы 1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар;
1996 жылы 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар;
1997 жылы номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңгелік монеталар (жаңа дизайны);
1999 жылы 1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар;
2000 жылы 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген),
2001 жылы:
2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 және 2000 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген);
2001 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген);
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік мерейтойлық банкноттар;
2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген).
Десе де осы жылдар аралығында төл теңгенің сыртқы келбеті талай мәрте өзгертілді. Ондағы тұлғалар алынып тасталып, банкноттарда қазақтың көрнекті жерлері, тарихи жәдігерлер мен ескерткіштер көрініс таба бастады. Мәселен, 2016 жылдың 1 желтоқсанында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 10 000 теңгелік банкноталар айналымға шығарылды. Оған тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың портреті салынды.
Осы жылдар арасында қазақстандық теңге талай мәрте үздік банкноталар атағын алып үлгерді.
Төл теңге айналымға енгелі бер 30 жылдан астам уақыт өтсе де, ол тұғырлы тәуелсіздіктің, ел егемендігінің символы болып қала бермек. Жыл сайын атап өтілетін Ұлттық валюта күні соның айғағы болып табылады.