2022 жылдың 13 мамырында Қарағанды облысының білім басқармасы ұйымдастырған жұмыс берушілер форумы аясында Қарағанды машина жасау колледжі базасында «Кәсіпкерлік және колледж – жаңа мүмкіндіктер» атты семинар өтті.



Семинарға қатысушылар-Қарағанды облысы колледждерінің директорлары үшін «Атамекен» ҰКП Қарағанды облысы бойынша ӨКП атынан спикерлер М.М. Касимова және З. К. Усувалиева сөз сөйледі, семинар тақырыбы бойынша кейс-тренинг өткізді.

