12 сәуірде әкімшілік ғимарат кітапханасында Ғылым қызметкерлері күніне арналған «Электронды кітаппен оқыту – озық технология жетістігі» атты ғылыми-мәдени іс шара өтті. Іс шараға академия оқытушылары мен студенттері қатысты. Іс-шараны ӘТЖ проректоры Р.Н.Исмайлова бастап, «Ғылым дамымай, ел өркендемейді» тақырыбында баяндама жасады.
Соңғы жылдары Қазақстанда мемлекеттік деңгейде ғылымның әлеуетін көтеруге айрықша көңіл бөлініп, ғылымның нақты салаларында іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстары кеңінен қолға алынып, ғылыми-техникалық зерттемелер барынша жүргізіле бастады. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан ғылымы жан-жақты дамып, жоғары деңгейге көтерілді. Осы ретте ғылымның маңызды салалары болып табылатын математика, плазмалық физика және жоғарғы қуат энергиясы, биотехнология, геология, металлургия, химия технологиялары және т.б. салалары бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілді. Р.Н.Исмайлова баяндама барысында жетістіктермен қатар қандай кемшіліктер мен олқылықтар бар екендігіне тоқтала кетті.
Келесі баяндамашы Академияның кітапхана меңгерушісі А.А. Шведова болды. Ол электронды кітап порталдары жайлы шолу жасап, «Ирбис» сайтының жұмысы туралы ақпараттар бере отырып, студенттерді ғылыми жұмысқа тарту мақсатында көмек қолын созатынын айтты. Іс – шара барысында академия кітапханасының электронды кітаптар каталогын қарауды, сайтпен жұмыс жасау жайында, сондай-ақ, электронды материалдардың студенттерге беретін мүмкіндігі жайлы толық ақпарат берді. Сайттың мүмкіншіліктерінің арқасында академия базасында жоқ оқулықтарды қалай қарап, қалай жүктеп алу мүмкіндігі туралы келелі мәліметтер айтылды. РМЭБ – бүкіл Қазақстан ЖОО-ның сайтынан қажетті оқулықтарды қашықтықтан қарап жүктеу мүмкіндігі бар сайт. Сонымен қатар жалпы Қазақстанда ЖОО-ның бейнесабақтарын қалай пайдалануға болатыны түсіндірілді.
Келесі баяндаманы Академия бойынша СМУ төрағасы А.М.Тажинин жасап, электрондық оқулықтар қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін-өзі тексеру жүйесіне тоқтала келе, оқулықтардың пайдасы мен мүмкіншіліктерін атап өтті.
Ғұлама ғалым әл-Фараби «Ғылымы жоқ елдің – болашағы жоқ» деген екен. Қасым-Жомарт Тоқаев «Той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезеңмен бетпе-бет келдік. Бұл дәуір – ақыл-ойдың, ғылым мен білімнің, еңбектің дәуірі» деген болатын. Расында да, әлемдік аренада айтулы орын алып, бәсекеге қабілеттілікті арттырып, еліміздің терезесін өркениетті елдермен теңестіру үшін ғылымға бет бұру, өнертапқыштарға лайықты қолдау көрсету маңызды.
«Bolashaq»Академиясының барша студенттері мен оқытушыларын Ғылым күнімен құттықтаймыз!