“Интегралды денсаулық – бұл не?”

2 ақпанда Фармацевтикалық пәндер кафедрасы “Интегралдық денсаулық – бұл не? Еліміздің және таяу шетелдің түрлі университеттері ЖОО оқытушысының интегралдық денсаулығын салыстырмалы талдау” тақырыбында семинар өткізді. Семинарға кафедра және академия оқытушылары қатысты.

Семинарды профессор, медицина ғылымдарының докторы Г.Т. Тнимова өткізді. Бастамашыл ғылыми-зерттеу жұмысының үзіндісі – ҚР және Ресейдің түрлі жоғары оқу орындарының оқытушыларының мотивациялық көрсеткіштерінің салыстырмалы талдауы ұсынылды. Бұл көрсеткіш гендерлік принцип бойынша бөлінген бірнеше жас ерекшелігі түрлі топтарда егжей-тегжейлі қарастырылды. Ішкі мотивация Ресейге қарағанда ҚР жоғары оқу орындарының оқытушыларында жоғары болғандығы атап өтілді. Орта жастағы топтағы ішкі оң мотивация Ресейге қарағанда ҚР-дағы әйелдерде жоғары болды.Ішкі теріс мотивация барлық топтардың егде жастағы тобында өсті.

Жүргізілген жұмыс тек ғылыми ғана емес, сонымен қатар практикалық та қызығушылық тудырады, өйткені ол оқытушылардың уәждемесінің көрсеткіші бола алады. Семинар соңында көптеген сұрақтар қойылып, ҚР халқының денсаулық жағдайы, сондай-ақ оны сақтау бойынша ықтимал іс-шаралар талқыланды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.