2025 жылғы қараша-желтоқсан айлары аралығында Ресей Федерациясының Саратов қаласында орналасқан «Жаңа ғылыми зерттеулер» Халықаралық орталығы II Халықаралық ғылыми жұмыс байқауын «Ғылым және инновация» тақырыбында онлайн форматында өткізді.
Байқау әртүрлі елдердің студенттері мен жас зерттеушілерін біріктіріп, перспективалы ғылыми идеяларды анықтау мен қолдауға, сондай-ақ жастардың инновациялық әлеуетін дамытуға бағытталған. Шара аясында қатысушылар өздерінің ғылыми жұмыстарын ұсына отырып, өзекті бағыттарды көрсетіп берді.
Аталған байқауға «Педагогика және бастауыш оқытудың әдістемесі» білім бағдарламасының студенті Кром Катерина (ПМНО-25-1) «Нейрографика – средство борьбы со стрессом» тақырыбында шығармашылық ғылыми-зерттеу жобасын дайындады.

Байқау қорытындысы бойынша Кром Катеринаның ғылыми жұмысы үздік деп танылып, оған І орын берілді.

Жұмыс тақырыптың өзектілігі, ғылыми жаңашылдығы, қорытындылардың негізділігі, нәтижелердің теориялық және практикалық маңыздылығы үшін жоғары бағаланды.
Кром Катеринаны лайықты жеңісімен құттықтаймыз және ғылыми-зерттеу қызметінде одан әрі табыстар тілейміз!