24 сәуірде Ресей халықтар достығы университетінде онлайн-режимде “Ғылыми және кәсіби-іскерлік қарым-қатынас мәдениеті” атты ХХІІІ Халықаралық ЖОО аралық студенттік ғылыми-практикалық конференция өтті .



Қазақстан тарапынан аталған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ұйымдастырушысы Қарағанды қаласындағы “Bolashaq” академиясының Гуманистік педагогика орталығы болды.
Конференцияның негізгі мақсаты студенттердің көпмәдениетті білім берудің өзекті мәселелері саласындағы зерттеулерінің ғылыми нәтижелерін жинақтау, ғылыми жетістіктермен алмасу, сондай – ақ студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту болып табылады.
Халықаралық жоғары оқу орындары арасындағы студенттік ғылыми-практикалық конференция жұмысына РХДУ медицина институтының директоры А.Ю. Абрамов( Ресей Федерациясы); РХДУ аграрлық – технологиялық институтының директоры Э.А. Довлетярова( Ресей Федерациясы) ; п. ғ. д., профессор В.Б. Куриленко-РХДУ медицина институтының орыс тілі кафедрасының меңгерушісі( Ресей Федерациясы); п.ғ.к., доцент Х.К. Уразбаев-Bolashaq академиясының (Қазақстан Республикасы) ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры; п.ғ.к., доцент Қ. Бокижанова – “Bolashaq” академиясының Гуманистік педагогика орталығының директоры (Қазақстан Республикасы); ф.ғ.к., доцент Е. П. Пустошило – Гроднен мемлекеттік медицина университетінің орыс және беларусь тілдері кафедрасының меңгерушісі (Беларусь Республикасы); Ю. И. Окуневич-Гродно мемлекеттік медицина университетінің оқытушысы (Беларусь Республикасы).
Гуманистік педагогика орталығының директоры, п.ғ.к. Бокижанова Г.К.
