17 желтоқсанда фармацевтикалық білім беру бағдарламаларының ЖБТ (жобаларды басқару тобы) отырысы өтті.

Күн тәртібінде үш мәселе талқыланды:
1.Бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру: оң сәттер, проблемалар. Шешу жолдары.
2.2024-2025 жылғы түлектерге арналған ОҚПЕ тест тапсырмаларының ерекшелігін (объективті құрылымдық практикалық емтихан) талқылау.
3. РОӘК “Фармациядағы басқару және сапа” сертификаттау курсының бағдарламасын (ҚазҰМУ әзірлеушісі) ОӘБ бекіту үшін талқылау және ұсынымдар.

Бірінші мәселе бойынша фармация ЖБТ басшысы А.Г. Ибрагимова баяндады. Қазіргі уақытта көптеген факторларға байланысты бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу жетілдіре түсуді қажет етеді.


Екінші мәселе бойынша да фармация ЖБТ басшысы А. Г. Ибрагимова баяндады. Спецификация 2023-2024 оқу жылымен бірдей болып қалды. Дәрілік формалар технологиясы бойынша станция атауына аздап өзгеріс енгізу ұсынылды.
Үшінші мәселе бойынша ескертулер болған жоқ және қаңтар айының ортасында өтетін РУМС РОӘК ОӘБ-да одан әрі қарастыру үшін аталған тақырыптар бойынша курс өткізу ұсынылды.