«Денсаулық сақтау» даярлау бағыты бойынша Ғылым және жоғары білім министрлігі ОӘБ-нің №8 отырысы

22 мамырда «Денсаулық сақтау»даярлау бағыты бойынша Ғылым және жоғары білім министрлігі ОӘБ-нің №8 отырысы өтті. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1.  Баяндамашы – Салидат Қайырбекова атындағы ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығы басқармасының бастығы  Отарғалиева Д.Д.
  2. Қосымша және бейресми білім беру секциясы қызметінің есебі – баяндамашы Д және НФО секциясының төрағасы А.А. Сұлтанғазиева.;
  3. Әр түрлі мәселелер.

3.1. 10 сертификаттау курсының бағдарламасын бекіту;

3.2. «Фтизиатрия» оқулығын бекіту (2-ші басылым, қайта қаралған және толықтырылған) – баяндамашы: Мұрат Әсел, «Салидат Қайырбекова атындағы денсаулық сақтауды дамытудың Ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК медициналық білім және ғылым департаментінің директоры.

3.3 Бакалавриат түлектерінің емтихан материалына сараптама жүргізу туралы ақпарат – баяндамашы Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы білім мен дағдыларды бағалау басқармасының басшысы К.К. Досмамбетова.

3.4 3 курс білім алушылары мен бакалавриат түлектерінің өзін — өзі бағалаудан өтуі туралы ақпарат-баяндамашы Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы білім мен дағдыларды бағалау басқармасының басшысы К К. Досмамбетова.

Отырысқа 60 адам қатысты. Бірінші және екінші сұрақ, сондай-ақ 3.1 және 3.2 көпшілік дауыспен қабылданды. 3.3. және 3.4 сұрақтар белсенді талқыланды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.