17 сәуірде «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша Ғылым және жоғары білім министрлігі ОӘБ-нің отырысы өтті. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

- Медицина көшбасшылары – жаңа буын дәрігерлерін даярлаудың пилоттық жобасын іске асыру барысы туралы;
- Инклюзивті білім беруді жүзеге асыру тәжірибесін талдау: қолданыстағы проблемаларды анықтау, оларды шешу бойынша ұсыныстар және тәжірибені жетілдіру жолдары;
- Әр түрлі мәселелер.
3.1. Сертификаттау курсы бағдарламасының бекітілуі: Балалар хирургиясы;
3.2. Аралық білімді бағалаудың емтихан материалын тексеру туралы ақпарат (3 курс);
3.3. Интернатура және резидентура түлектерінің емтихан материалының 2-кезеңінің қорытынды апробациясын талдау.
3.4. ОӘБ отырысында бекітілген ББ орналасымы бойынша ақпарат.


Отырысқа 61 адам қатысты. Бірінші және екінші мәселе назарға алынды. Сұрақ 3.3. белсенді талқыланды. Тест түріндегі 2-ші кезеңді қорытынды аттестаттауды қабылдау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің № 249 бұйрығына қайшы келеді деген пікір болды.