📚2025 жылдың ақпан айының 13 жұлдызында академик Е. А. Бөкетовтың 100 жылдығына орай Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінде құқық мамандықтары бойынша студенттер мен курсанттар арасында «De basics legis civilis – Азаматтық құқық негіздері» атты аймақтық пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға барлығы 10 команда қатысты.
✅«Bolashaq» Академиясы атынан 6В04201 – “Құқықтану” білім беру бағдарламасының 1-2 курс студенттері «Әділет жолында» атты командамен қатысты. Команда «Үздік бейнебаян» номинациясын иеленіп, 50 000 теңгелік сертификатпен марапатталды.

✅Ғылыми жетекшілер: Алтайбаева Г. М., Жумжумаев Н. С., Жақып-Жан А.Т.
Команда мүшелері:
1. Кадрин Т.Б. (команда капитаны) – Ю-23-2
2. Қуат Гульфайруз – Ю-23-2
3. Калабаева Мерей – Ю-23-2
4. Турганбаева Алтын – Ю-23-2
5. Елеусіз Айнұр – Ю-24-2

🥳 “Bolashaq” Академиясының ректоры Аданов Қуанышбек Бұланұлы жеңімпаздарға сыйақы ретінде 30 000 теңгелік сертификат ұсынды. Ғылыми жетекшілер мен команда мүшелеріне айтар алғысымыз шексіз. Үздік студенттер қатары арта беруіне тілектеспіз!
