Бүгін «Bolashaq» Академиясының проректорлары мен қызметкерлері қаламыздағы Телевизионная көшесінде сенбілік жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны таза ұстап, қала келбетін жақсартуға үлес қосу болды.


Сенбілікке дейін академия ауласында ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды. Бұл бастама оқу орны аумағын көгалдандыруға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталды. Қатысушылар бірлесіп ағаш көшеттерін отырғызып, табиғатты аялаудың маңыздылығын көрсетті.


Сенбілік барысында академия ұжымы Телевизионная көшесі бойын қоқыстан тазалап, жиналған қалдықтарды арнайы орындарға шығарды. Қатысушылар белсенділік танытып, аумақты ретке келтіруге бір кісідей жұмылды. Мұндай шаралар ұжымдық рухты нығайтып қана қоймай, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да ықпал етеді.


Академия басшылығы табиғатты қорғау мен қоғамға қызмет ету – білім беру мекемесінің маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Осы орайда, мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады деп жоспарлануда.


Сенбілікке қатысушылар өз үлестерін қосып, қаланың тазалығы әрбір тұрғынның жауапкершілігінде екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.