САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНА ТАҒЗЫМ

 31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Bolashaq» Академиясының ұжымы мен белсенді жастары ескерткіш аллеясына гүл шоқтарын қойып, құрбандар рухына тағзым етті.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағзым ету — бұл болашақ ұрпаққа халқымыздың ауыр тағдырын, өткен тарихтың зұлмат жылдарын жеткізудің айқын көрінісі.

Олар ұлт үшін жанын қиып, еркіндік пен әділдік жолында өшпес мұра қалдырды.

Саяси қуғын-сүргін — халқымыздың басынан өткен ең ауыр кезеңдердің бірі. Іс-шара барысында қатысушылар тек тарихи деректер мен фактілерді ғана емес, сонымен қатар ХХ ғасырдағы идеологиялық қуғын-сүргінге ұшыраған мыңдаған жазықсыз жандардың аянышты тағдырын да еске алды.

Бұл тағылымды шара — халқымыздың қасіретті тарихына тағзым етіп, келер ұрпаққа адамгершілік пен ерліктің үлгісін ұсыну мақсатында ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, академия ұжымы Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері, қазақтан шыққан тұңғыш математика профессоры, саяси қуғын-сүргін құрбаны Әлімхан Ермековтің рухына да тағзым етті.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.