«Bolashaq» Академиясының тыл еңбеккерлерін Жеңістің 80 жылдығы – 9 мамыр мерекесімен құттықтауы!

8 мамырда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында «Bolashaq» Академиясы тыл еңбеккерлерін – Есина Чулпан Әбдірахманқызы мен Наурызбаева Рзыкияны естелік сыйлықтармен құттықтады.

Біз бұл ісімізбен Отан қорғаушылардың ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегіне ерекше құрмет көрсететінімізді білдіреміз.

«Bolashaq» Академиясы дәстүрлі түрде ұрпақтар сабақтастығының, тарихи есте сақтаудың және соғыс және еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетудің маңыздылығын атап өтіп, патриоттық бағыттағы іс-шараларға қатысады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.