«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы аясында академиялық ұтқырлық негізінде 2025 жылдың 2 қыркүйегінен 19 желтоқсанына дейін «Bolashaq» Академиясының студенттері үшін ерекше ғылыми жоба жүзеге асуда.

Аталған жоба аясында Ташкент Республикасындағы Бердак атындағы Қарақалпақстан мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Абдиназимов Шамшетдин Нажимович арнайы шақырылып, «Түркология» пәнінен дәрістер өткізуде.


Дәрістер барысында ғалым студенттерге «Көне түркі жазба ескерткіштері тілі», түркі тілдерінің классификациясы, соның ішінде Алтай тобының дамуы мен қалыптасуы жайлы мазмұнды ғылыми мәліметтер беріп жатыр.

Бұл дәрістердің мақсаты – студенттердің ғылыми ой-өрісін кеңейту, түркі халықтарының тарихи-мәдени мұрасын терең меңгеруге жағдай жасау және тілдік-мәдени зерттеулерге қызығушылығын арттыру. Сонымен қатар, студенттердің зерттеу жүргізу, ғылыми талдау жасау және теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану қабілеттерін дамыту көзделуде.

Академиялық ұтқырлық аясындағы бұл халықаралық тәжірибе студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, білім беру бағдарламасының сапасын жетілдіруге және ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға үлкен үлес қосады.