«Bolashaq» Академиясында түлектермен жылы жүздесу өтті!

2025 жылдың 30 қазанында Педагогика кафедрасының аға оқытушылары С. С. Шутенова, С. К. Мекадилова және “Болашақ” Республикасының президенті Т. Б. Кадрин ұйымдастыруымен түлектермен өткен кездесуде Академия қабырғасында әсерлі сәттер мен естеліктер қайта жаңғырды.

Кеш қонақтарына Академия аумағында экскурсия ұйымдастырылып, бүгінгі жетістіктер мен жаңа бағыттар таныстырылды.Студенттер мен түлектер ашық диалог форматында сұхбаттасып, өзара тәжірибе бөлісіп, қызықты ойындар арқылы көңілді уақыт өткізді.


Кездесу соңында қадірлі түлектерге Академия атынан естелік сыйлықтар табысталды. Мұндай шаралар ұрпақтар сабақтастығының, білім мен рухани байланыстың жарқын көрінісі екені сөзсіз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.