2025 жылдың 16 сәуірінде «Bolashaq» Академиясының қабырғасында Қарағанды қаласы жоғары оқу орындарының оқытушылары арасында дойбыдан ЖОО аралық турнир өткізілді.



Турнирге тарихы ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан және танымалдығы бойынша шахматпен бәсекелесе алатын ежелгі зияткерлік ойынның шынайы білгірлері мен әуесқойлары қатысты.




Жарыс достық бәсекелестік жағдайында өтті, кәсіби және ЖОО-аралық байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамы арасында логикалық ойлау мен командалық рухты дамытуға ықпал етті.

Турнир жеңімпаздары:
I орын – Қазақстан халқы Ассамблеясы;
II орын – «Bolashaq» Академиясы;
III орын – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті.
Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері Академия басшылығы атынан Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны, ойынның жоғары деңгейі және академиялық ортада мәдени-зияткерлік дәстүрлерді сақтауға және ілгерілетуге ұмтылғаны үшін шын жүректен алғыс білдіреді.