“Bolashaq” академиясының ректоры профессор Қ.Н.Меңлібаевтың ПОҚ-мен қорытынды кездесуі 2021 жылдың 12 қаңтарында Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының әріптестерімен өтті.
Кездесу аясында ректор студенттерді карантин жағдайында оқыту, сондай-ақ практикадан өту, мемлекеттік емтихандарға дайындық, тәрбиелік іс-шараларды өткізу және басқа да мәселелерді талқылады.
ЖОО басшысы Академияның профессорлық-оқытушылық құрамының барлық туындаған сұрақтарына жауап берді.