2025 жылдың 12 мамырында Қарағанды қаласындағы С.Саттаров атындағы мектеп-лицейінде кәсіби бағдар беру шарасы ұйымдастырылды. Бұл кездесуге «Bolashaq» академиясынан жауапты хатшы, қабылдау комиссиясының өкілі Косманова Асель Бейсенгазиевна, фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Теміреева Күмісжан Слямгазиновна және ФМ-23-2 тобының студенттері Карабаева Гулнур мен Жусипова Милана қатысты.

Кездесу барысында мектеп бітіруші түлектеріне академияда жүзеге асырылып жатқан білім беру бағдарламалары, оқуға қабылдау талаптары, құжаттарды тапсыру тәртібі мен жеңілдіктер жайлы толық ақпарат берілді. Сондай-ақ, оқу үдерісінің ерекшеліктері мен студенттерге ұсынылатын мүмкіндіктер туралы да айтылды.



Шара аясында ақпараттық парақшалар таратылды. Студенттер академиядағы оқу барысы мен студенттік өмір жайында өз әсерлерімен бөлісіп, болашақ мамандық таңдау бойынша кеңес берді.
Түлектер тарапынан қойылған жатақхана, оқу ақысы жөніндегі сұрақтарға нақты жауаптар ұсынылды.
Мұндай кездесулер оқушыларға болашақ мамандыққа дұрыс бағыт алуға және жоғары оқу орнын саналы түрде таңдауға үлкен септігін тигізеді.