15 қарашада “Bolashaq” Академиясында студенттердің Қарағанды қаласы ТЖБ өкілдері – азаматтық қорғау капитаны С.С. Зейнуллинмен және директордың орынбасары А.У. Абеуовпен кездесуі өтті. Кездесуде студенттерді қызықтыратын мәселелер талқыланды, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша қысқаша нұсқаулық өткізілді.
Студенттерге өрт кезінде білуге және сақтауға міндетті негізгі жайттар айтылды. Мысалы: өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, студенттерді өрт шығу жолдарын, баспалдақтарды және дұрыс эвакуациялауға ықпал ететін жоспарларды табу туралы хабардар ету.
Өрт қауіпсіздігі ережелері бойынша қысқаша нұсқаулық келесі ұғымдарды қамтыды:
- Өрт сөндіргіш пен газқағарды қолдана білу;
- .Эвакуация жоспарымен танысу;
- . Өрт туралы хабарлама алған кездегі іс-қимыл барысы.
Бұл тұжырымдама нақты жағдайда қарастырылды және түсіндірілді: “Мысалы, оқу аудиториясында болған кезде не істеу керек? Ең алдымен, сіз сабырлылық сақтауыңыз керек, бірақ сонымен бірге тез, мұғалімнің басшылығымен эвакуациялау жоспарына сәйкес аудитория мен оқу ғимаратынан шығып кетуіңіз керек”.
Газқағарды, өрт сөндіргішті және өрт сөндіру жеңін пайдалану бойынша нұсқау беру кезінде студенттердің үлкен қызығушылығы туындады.
Құтқару қызметінің қызметкерлеріне өткізілген нұсқама үшін алғыс білдіреміз!