ҚР ДСМ ШЖҚ «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» РМК,
ҚР клиникалық фармакологтар мен фармацевтердің кәсіби қауымдастығы,
ҚР халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығы,
«Кәсіби өсудің медициналық бірлестігі» ҚБ
2025 жылдың 3 сәуірінде Алматыда гибридті форматта (ОФЛАЙН / ОНЛАЙН) «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФАРМАКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУЫНА – 20 ЖЫЛ» V ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ» атты V Халықаралық ғылыми – практикалық конференция өтті.

Қазақстан, Ресей және Қырғызстан қатысушыларының 33 баяндамасы тыңдалды. Түрлі дәрілік препараттардың қауіпсіздігінің, тиімділігі мен сапасын бақылаудың әртүрлі аспектілері, Қазақстанда, Қырғызстанда және Ресейде фармакологиялық қадағалау жұмысының қазіргі заманғы мәселелері қаралды, клиникалық фармакология мен фармацевтикалық бақылау теориясын оқыту мәселелері талқыланды. Конференцияда ұсынылған кейбір баяндамалар:


Пациенттің қауіпсіздігін үздік қорғау – Фармакологиялық қадағалау
Кузденбаева Раиса Салмағанбетқызы
м.ғ.д., проф., ҚР ҰҒА академигі, ҚР ДСМ ҚМ және ФК «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы «ШЖҚ РМК Ғылыми-білім беру орталығының басшысы, «ҚР клиникалық фармакологтар мен фармацевтердің кәсіби қауымдастығы» РҚБ президенті, Алматы, Қазақстан
Фармакологиялық қадағалаудың заманауи перспективалық бағыттары

Әбдірахманов Мәлік Жаңалықұлы
м.ғ.к., ҚР ДСМ ШЖҚ «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» РМК фармакологиялық қадағалау және медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі, тиімділігі департаментінің басшысы, Астана, Қазақстан
Медициналық және фармацевтикалық білім берудегі фармакологиялық қадағалау: жетістіктері мен болашағы
Төлеутаева Райхан Есенжанқызы
м. ғ. к., қауымдаст. профессор, фармакология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., проф. М.Н. Мусина «Семей медицина университеті» КЕАҚ, Семей, Қазақстан
Фармакологиялық қадағалау, жүйенің сапасын жақсарту мүмкіндіктері
Тілекеева Ұланғұл Муктарқызы
м.ғ.д., проф., М.Т. Нанаева атындағы негізгі және клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі, И. К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясы, Бішкек, Қырғызстан
Ресей Федерациясында фармакологиялық қадағалауды дамыту мәселелері
Поливанов Виталий Анатольевич
Росздравнадзордың «Медициналық қолдану құралдарының айналымын сараптау, есепке алу және талдау жөніндегі ақпараттық-әдістемелік орталық» ФМБУ фармакологиялық қадағалау орталығының басшысы, Мәскеу, Ресей
