2024 жылғы 4 желтоқсанда Құқықтық және қаржы пәндері кафедрасының тәрбие жұмысы аясында “Қазақстан – біздің ортақ үйіміз” тақырыбында кураторлық сағат өтті. Аталған іс-шараға эдвайзер Ахметова Әсел Қасенқызының жетекшілігімен Ю-22-1 тобының студенттері қатысты.


Кіріспе сөзімен Әсел Қасенова сөз сөйледі. Ол Қазақстан – бірегей ел, ұлтаралық келісімнің үлгісі екенін айтты.

Кураторлық сағаттың мақсаты:
-отансүйгіштік, Отанға деген сүйіспеншілік, Қазақстан халықтарының тарихи өткені, бүгіні мен жарқын болашағы үшін мақтаныш сезіміне тәрбиелеу;
-Қазақстан тарихы бойынша білімді бекіту;
-студенттердің тіл байлығын дамыту;
-студенттердің өз мемлекеті туралы білімдерін кеңейту және жүйелеу;
-студенттерді мемлекет тарихы мәселелеріне дұрыс бағдарлау.
Осы іс-шараның міндеттері:
- студенттердің логикалық ойлауы мен ақыл-ой қабілеттерін дамытуға ықпал ету, ұлттық мәдениетті білуге деген ұмтылысты дамыту;
- бір-біріне мейірімді қарым-қатынас орнатуға және халықтардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу;
- демократиялық қоғамның құндылықтарын түсінуді қалыптастыру: азаматтық ұстаным, толеранттылық, патриотизм. Кураторлық сағат “Қазақстан – біздің ортақ үйіміз” тақырыбындағы баяндаманы тыңдау түрінде өтті. Топ студенті Грибенюк Владислав қызықты баяндама жасады. Владислав Отанның маңыздылығы туралы айтты. Ол: “Мен өз еліме одан әрі өсу мен өркендеуді шын жүректен тілеймін. Ал біз, Қазақстанның жас ұрпағы, оқуға көп көңіл бөліп, Отанымызды дамыту және дәріптеу үшін барынша білім алуға тырысуымыз керек” – деп, өз ой-пікірлерін ортаға салды.
