🧹 2025 жылдың сәуір айында Қарағанды қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.


🧤 Іс-шараға 1-5 курс студенттері мен «Bolashaq» Академиясының кураторлары үлкен белсенділікпен қатысты.

📍Студенттер бірлестік пен жауапкершіліктерін үлгі ете отырып, қаланың тазалығына өз үлестерін қосты. Бұл жай ғана көше тазалау емес – бұл болашақ ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлес!
💚 Табиғатты қорғау-біздің ортақ міндетіміз!