2020 жылдың 22 желтоқсанында “Bolashaq” академиясының ӘТЖ жөніндегі проректоры онлайн режимінде Қарағанды облысы әкімі жанындағы Жастар ісі жөніндегі Кеңестің отырысына қатысты.
Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының м.а. Ж. С. Дюсетаева “Жастар арасында NEET үлесін төмендету бойынша атқарылған жұмыстар туралы” баяндама жасады. Қосымша баяндамашылар ретінде Абай ауданының әкімі Б.К. Асанов, Осакаров ауданының әкімі Н.С. Кобжанов, Нұра ауданының әкімі А.Т. Шалмағамбетов сөз сөйледі.)
Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығының директоры-Искакова А.С. жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің кешенді жоспарын жүзеге асыру тақырыбымен таныстырды.
Қорытындылай келе, Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының м.а. – Ж.С. Дюсетаева “Облыс әкімі жанындағы Жастар істері жөніндегі Кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту” баяндамасымен сөз сөйледі.
Анықтама үшін: NEET (NEET ұрпағы) – Ұлыбританияда бастапқыда 16-24 жас аралығындағы, мектепті бітірген, бірақ әлі де университетте оқымайтын және жұмыс істемейтін адамдарға арналған «Not in Education, Employment or Training» деген акроним.