Қарағанды қаласындағы №30 жалпы білім беретін мектепте кәсіби бағдар беру кездесуі өтті

2025 жылдың 13 мамырында Қарағанды қаласындағы №30 жалпы білім беретін мектепте кәсіби бағдар беру шарасы өтті. Кездесуге «Bolashaq» академиясының фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Теміреева Күмісжан Слямгазиновна және ФМ-23-2 тобының студенттері Қарабаева Гүлнұр мен Жүсіпова Милана қатысты.

Шара барысында бітіруші сынып оқушыларына академияда жүзеге асырылып жатқан білім беру бағдарламалары, оқуға қабылдау талаптары, құжат тапсыру тәртібі мен жеңілдіктер туралы толық ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, оқу барысы, практикалық сабақтар және академиядағы студенттік өмір жайлы мәліметтер берілді.

Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, ақпараттық парақшалар таратылды. Студенттер өз тәжірибелерімен бөлісіп, болашақ мамандықты таңдауда пайдалы кеңестер айтты.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.