2025 жылдың 8 қазанында Педагогика кафедрасының аға оқытушылары Мекадилова С.К., Есмагулова А.А. Қарағанды қаласындағы №104 мектептің 10, 11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді

. Кездесу барысында «Bolashaq» академиясының ЖОО арасындағы орны, білім сапасы туралы ақпарат ұсынылды. Сондай-ақ білім сапасы, бакалавр дипломы, халықаралық қатынастар, оқу процестері мен жетістіктері туралы мәліметтер айтылды.


Оқу орнына жергілікті жерлерден талапкерлер тарту мақсатында «Bolashaq» академиясына оқуға түсудің ережелерін және жеңілдіктер туралы айтылды. Оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтары бойынша біршама мәліметтер алды.

Кездесу барысында «Bolashaq» академиясының негізгі бәсекелестік артықшылықтары, білім беру бағдарламалары, оқыту нысандары туралы ақпарат ұсынылды, академия өмірі туралы мәліметтермен таныстыратын буклеттер мен «ЛиМоНаД» журналдары таратылды.