30 қараша күні «Bolashaq» академиясы ЖББ кафедрасының меңгерушісі Е.Б.Касенов Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Алаш қайраткерлері» атты ашық тақырыптық дәріс сабағын өткізді.
Дәріс мақсаты: студенттерге қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлігі, күресі және ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялылары Алаш қайраткерлерінің өз халқы үшін еткен жанкешті ерен еңбектеріне тоқталу. Тәуелсіз Қазақстанның 30 жыл ішіндегі қол жеткен жетістіктерімен таныстыру.
Жас ұрпақты қаншама құрбандықпен, қиындықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей , қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай еңбек етуге шақыру.
Еламан Балтаевич дәріс барысында студенттерге тың мағлұматтармен қатар тақырыпқа сай түрлі материалдарды ұсынды. Талқылау үшін проблемалық сұрақтарды қоя білді.
Ал студенттер Алаш қайраткерлері Әлихан Бөкейханов, Әлімхан Ермеков, Жақып Ақбаевтардың еркіндік және тәуелсіздік идеялары туралы презентацияларын жоғары деңгейде қорғап шықты. Сонымен қатар тақырыпты талқылай отырып, Алаш қозғалысына арналған фильмдерді талдап шықты.
Алаш қайраткерлерінің мемлекеттілік туралы идеялары – бүгінгі Қазақстан қоғамы үшін өзектілігі мен маңыздылығы өте зор және жас ұрпақты жан-жақты дамыған ұлттық тұлға етіп тәрбиелеудің негізі болып табылады.