Оқу бітіргеннен бері біздің университет қалай өзгергені туралы өз әсерлерімен бөліскім келеді. Мен 11 жылдан бері ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істеймін, соңғы 4 жылда Қарағанды қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінде сабақ беремін. Біздің ЖОО өз түлектерімен үнемі байланыста. Жақында мен сүйікті Академияма бардым, ол жерді мен төрт жыл бойы өз үйімдей сезінген едім. Бұл сезім әлі өзгерген жоқ, Болашаққа келгенде, мен тағы да керемет жылы атмосфераны сезіндім. Мен біздің Болашағымыздың қалай өзгергенін көріп таң қалмадым, өйткені бұл ЖОО-ның даму перспективалары зор екеніне әрдайым сенімді болдым.
Мені қуантқан бірнеше сәтті атап өткім келеді. 2009 жылы мен “Болашақ” университетін бітірдім, сол кезде барлық аудиторияларды компьютерлермен қамтамасыз ету мүмкін болмады, ал қазір бүкіл корпус компьютерлік сыныптармен жабдықталған.
Жоғары оқу орнының материалдық-техникалық базасы айтарлықтай жақсарды және қазіргі уақытта студенттерді оқыту үшін барлық жағдай жасалған. Мен Болашағымызға өркендеуді, тамаша студенттерді және алға қойған мақсаттарға жетуді шын жүректен тілеймін
Темірова Әлия Едігеқызы, Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының 2009 жылғы түлегі