Алғыс айту күні өтті

«Bolashaq» Академиясының «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушы Н.К. Касетованың  жетекшілігімен және К-23-1, КР-23-1, К-24-1 топ студенттерінің ұйымдастыруымен 25 ақпанда алғыс айту күніне орай студенттер үйінде мерекелік іс-шара өткізді. Мерекелік шараға кафедра оқытушылары, студенттер үйінде тұратын студенттер қатысты.  

Шараның мақсаты студенттерді кішіпейіл, ізетті болуға тәрбиелеу. Ризашылық пен сыйластық түсініктерін кеңейту. Осы орайда студенттер бір біріне, ұстаздарына, ата-аналарына алғысын білдіріп, студенттер үйінде тұратын студенттерге дастархан жайылды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.