2021 жылғы 31 мамырда Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы қолданыстағы заңнамасын іске асыру шеңберінде және Қарағанды қаласының әкімі бекіткен жоспарға сәйкес “Bolashaq” академиясында объектілік жаттығу (ОЖ), тактикалық-арнайы оқу-жаттығу (ТАОЖ), авариялық жағдайлар бойынша жаттығу (АЖЖ) өтті.

Шартты белгі бойынша студенттерді, оқытушылар мен қызметкерлерді эвакуациялау жүргізілді. Оқу-жаттығу Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар басқармасымен, ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетімен бірлесіп өткізілді.
Үйде оқитын студенттер үшін нұсқаулық он-лайн режимінде өткізілді.
“Bolashaq” академиясының жауапты бас инженері – Аманжол Т.М.
