ООД кафедрасының аға оқытушысы Сеитова Ләйли Алгамитқызы “Shopping” тақырыбы бойынша Ю-19-2 және ПиП-19-2 топтарында ағылшын тілінен ашық сабақ өткізді .

Қатысқандар: оқу бөлімінің бастығы Бекжанова Сауле Бектасова, ПиП кафедрасының аға оқытушысы Аронова Жанна Аруновна, ҚББ кафедрасының аға оқытушысы Шарипова Айгуль Максуновна.

Сабақтың мақсаты: диалогтық сөйлеудің дағдыларын қалыптастыру және жетілдіру, тірек арқылы сөйлеу дағдысын қалыптастыру, тілдік болжауды дамыту, ой-өрісін кеңейту, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Қойылған міндеттерді шешу үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар-интерактивті тақта мен бейнежазба қолданылды. “Kahoot” мобильдік қосымшасы арқылы ойын түрінде сабақ өте қызықты өтті. Студенттер материалды жақсы меңгергенін көрсетті.
