Ақтас кентінің «№ 13 ЖББМ» КММ-де өткізілген кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша есеп

2025 жылғы 21 мамырда педагогика кафедрасының өкілдері С.С. Шутенова мен А.М. Тәжинин Ақтас кентінің «№ 13 ЖББМ» КММ-де 10 және 11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Аталған іс-шара барысында 10 және 11 сынып оқушыларымен мамандықты дұрыс таңдау туралы әңгіме өткізілді. Мамандық таңдау-бұл оқушының мақсатқа жету жолының векторын, өз ойлары мен ұмтылыстарының бағытын жауапты таңдау. Егер бұл таңдау дұрыс жасалса, онда адам өз жұмысының нәтижелерінен, не істеп жатқанынан ләззат алуға мүмкіндік алады.

Оқушылар академияға түсуге байланысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды:

  1. Қандай білім беру бағдарламалары бар?
  2. Қабылдау үшін қандай құжаттар қажет?
  3. Академияда стипендия беріле ме?
  4. Академияда оқу мерзімі және т. б.

Содан кейін оқушыларға біздің академия туралы таныстыру, сондай-ақ өзінің болашақ мамандығын анықтау мақсатында бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ, Академиямыздың білім беру бағдарламалары туралы ақпараты бар буклеттер таратылды.

Іс-шара соңында академия өкілдері оқушыларға ҰБТ-ны сәтті тапсырып, болашақ мамандықты дұрыс таңдауды тіледі.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.