6В01301- «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 4 курс студентінің  дипломалды қорғауы

2025 жылдың 25 сәуірінде 6В01301 — «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша ПМНО-21-2 тобының (күндізгі бөлім) студенті Сағым Ажардың дипломалды қорғауы өтті.

Дипломалды қорғауға «Педагогика» кафедрасының доценті, пс. ғ.к. Абрахманова А.С., п.ғ.к,доцент Абилкасимова Г.К., аға оқытушылар Жапанова Р.Н., Қосманова А.Б. қатысты. Дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Дидактикалық ойындар арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекетінің белсенділігі».

Дипломалды қорғау — бұл тексерудің міндетті кезеңі болып табылады. Бұл кезең дипломдық жұмыстың дайындығын ғана емес, студенттің өзінің психологиялық дайындығын да тексеруге мүмкіндік береді. Дипломды қорғау кезінде кез келген қиындықтар немесе келеңсіз жағдайлар туындамауы үшін студент алдын-ала жан-жақты дайындалуы керек. Студенттің диплом алды қорғау рәсімі осы дайындықтың маңызды бір бөлігі болып табылады.

Шындығында, алдын-ала қорғау — бұл дипломдық жұмыстың негізгі оқиғасына дайындық ретінде қарастыруға болады. Дипломалды қорғау студенттерді болашақта ғылыми жұмыстармен айналысқан кезде кездесетін қиындықтарға дайын болуға үйретеді. Алдын ала қорғау — дипломдық жұмыстың еш қиындықсыз тапсырылуы үшін маңызды қадам болып табылады, әрі бұл қорғау жұмысының 90% сәтті өтетініне кепілдік береді.

Студент өзінің дипломдық жұмысы бойынша баяндамасын жасады. Оқытушылар жұмыстың тақырыбы бойынша студентке сұрақтар қойды. Комиссия мүшелері тарапынан дипломдық жұмысқа қатысты түзетулер мен толықтырулар ұсынылды. Барлық сын-ескертпелерді ескере отырып, дипломдық жұмысты қорғауға дейін қажетті түзетулер мен өзгерістер енгізу қажеттілігі ескертілді.

Диплом қорғауға дейін  студент барлық ұсынылған өзгерістер мен түзетулерді ескере отырып, жұмысын қайта өңдеп, дайын болуы қажет.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.