Жастар тек болашағымыз ғана емес, олар “нағыз қазіргі”, сондықтан жас ұрпақ болашақтың мазмұны мен сипатын қаншалықты анықтайтынын, “жаңа заман рухын” қаншалықты көтеретінін түсіну маңызды.
2024 жылғы 23 ақпанда студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғалымдардың (халықаралық қатысумен) “Жастар және қазіргі заманның жаһандық мәселелері” тақырыбы бойынша республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Аталған конференция ғылыми жұмыстардың 8 секциялық бағыты бойынша өткізілді.
Пленарлық отырысқа әр түрлі факультеттердің студенттері және шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының студенттері қатысты, 3 курс студенті Киева Анастасия өз баяндамасы бойынша сөз сөйлеп, алғыс хатпен және сертификатпен марапатталды. Сондай-ақ, 2023 жылдың желтоқсан айынан бастап 2024 жылдың 10 ақпанына дейін ғаламдық және өзекті тақырыптарға ғылыми жұмыс жазу бойынша ЖОО конкурсы өткізілді. Конкурстың қорытындысы конференция күні пленарлық отырыс аяқталғаннан кейін жарияланды. Барлық жұмыстар жоғары бағаланып, 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының ғылыми еңбектері, әсіресе 3 курс студенті Киева Анастасияның жұмысы жоғары бағаланды. Ол 2-дәрежелі дипломмен марапатталды және оның жетекшісі Б.К. Бегахметоваға алғыс хат берілді. Біздің шет тілдер факультетінің 3 студенті 3 дәрежелі диплом алды. 4 курс студенті Цанцураева Лейла 3 дәрежелі дипломмен және оның жетекшісі Г. Ш. Оразгалиева алғыс хатпен, ал 1 курс студенттері Науменко Полина, Сальникова Илона 3 дәрежелі дипломмен және жетекшісі Р.Р. Ганеев алғыс хатпен марапатталды.
6 “тілдерді білу – Мәдениетаралық коммуникацияның негізі” секцияларында жастардың жаһандық мәселелерді шешудегі рөліне қатысты әртүрлі баяндамалар мен зерттеулер ұсынылды. Қатысушылар ғылыми диалогты кеңейтуге және білімді байытуға ықпал ете отырып, белсенді түрде пікір алмасты, сонымен қатар пікірталастарға қатысты.Секциялық отырысқа 15 қатысушының 7-і қатысты. Қатысушылардың жұмыстары тақырып бойынша өте қызықты және жаһандық мазмұнда болды. Барлық баяндамалар тыңдалды, үздік жұмыстар анықталды және жоғары бағаланды. Жұмысы үздік деп танылған 3 студенттің жұмыстары грамоталармен марапатталды: