№16 мектеп түлектерімен кездесу

2025 жылғы 28 сәуірде Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының оқытушылары Әбілжан А .Б., Абдрешева М. К., Құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының оқытушылары Ахметова А.К. және Кордашева А. А. №16 жалпы білім беретін мектептің оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы барысында 11 сынып оқушыларына Академиямыздың білім беру бағдарламалары таныстырылды, артықшылықтары, жеңілдіктері, оқу ақысы туралы айтылды. Түлектер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.