“№13 ЖББМ” КММ-де кәсіптік бағдар беру жұмысы

2024 жылғы 16 мамырда педагогика кафедрасының өкілдері С.С. Шутенова мен А.М. Тәжинин Ақтас кентінің “№ 13 ЖББМ” КММ-де 10 және 11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Аталған іс-шара барысында 10 және 11 сынып оқушыларымен мамандықты дұрыс таңдау туралы әңгіме өткізілді. Мамандық таңдау-бұл сіздің жолыңызды, мақсатқа жету жолының векторын, өз ойларыңыз бен ұмтылыстарыңыздың бағытын адаспай таңдау. Егер бұл таңдау дұрыс жасалса, онда адам өз жұмысының нәтижелерінен, өз ісінен ләззат алуға мүмкіндік алады.

Сондай-ақ оқушыларға мамандық таңдауға байланысты мынадай сұрақтар қойылды:

-Мамандық таңдауға не әсер етеді?

-Болашақ мамандықты таңдағанда нені ескеру керек?

-Қандай мамандықтар әрқашан өзекті болады?

-Болашақта қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?

Оқушылар осы қызықты сұрақтарға жауап берді, содан кейін оларға танысу, сондай-ақ болашақ мамандығын анықтау мақсатында академиямыз туралы бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ оқушыларға Академиямыздың білім беру бағдарламалары туралы ақпараты бар буклеттер таратылды.

Іс-шара соңында оқытушылар оқушыларға ҰБТ-ны сәтті тапсырып, болашақ мамандықты дұрыс таңдауды тіледі.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.