2022 жылғы 16 мамырда Қарағанды қаласының «№15 ЖББМ» КММ мектебінің түлектерімен кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді. «Психология, педагогика және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушылары Р.Н. Жапанова, Ж.А. Арунова 11 сынып оқушыларына «Bolashaq» академиясы туралы ақпарат беріп, бейнетүсірілім таныстырылымын көрсетті.
Онда «Bolashaq» Академия өміріндегі Қазақстан жоғары оқу орындары арасында алатын орыны, соңғы жылдардағы республикалық рейтингтерде алып жүрген жоғары деңгейлері, академияның абыроймен өткен халықаралық аккредитациясы, жылдан-жылға өсіп келе жатқан студенттер саны, оқу формалары, білім сапасы, студенттер мен оқытушыларға көрсетілетін дәстүрлі әлеументтік қолдаулары, екі дипломдық білім беруі, халықаралық қарым-қатынастары, оқу-тәрбие үрдістері мен жетістіктері, үздік оқитын күндізгі бөлім студенттеріне арналған ректорлық степендиялары және оның түрлері, мемлекеттік білім беру гранттарын ұтып алған талапкерлерді қабылдай алу мүмкіндіктері, оқу орнының ғылыми зерттеу орталықтары, бакалавриат, магистратура, докторантура білім беру бағдарламалары т.с.с. жайдайлары жайында кеңінен ақпарат берілді. Академиямыздың негізгі бәсекелестік артықшылықтары, білім беру бағдарламалары, білім беру формалары туралы ақпарат берілді. Кездесу барысында жоғары оқу орны мен білім беру бағдарламасын таңдауда туындайтын мәселелер талқыланды.
Студенттер академиялық ұтқырлық, халықаралық конференцияларға, конкурстарға қатысу мүмкіндіктері, жеңілдіктер, шәкіртақылар және оқу ақысының икемді жүйесі туралы ақпарат алды. Сөз соңында түлектердің сұрақтарына жауап берілді.