2025 жылғы 02 қазанда «Bolashaq» академиясының ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Д.С. Асакаева «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған тәлімгерлерді оқыту бағдарламасы шеңберінде «Кәсіби қызметтегі қақтығыстарды басқару» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.

Семинарға өндірістік тәжірибе кезінде Жезқазған қаласының колледждері студенттерінің тәлімгерлері болып табылатын түрлі кәсіпорындардың қызметкерлері қатысты. Қатысушылар студенттермен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін, даулы жағдайлардың алдын алу және шешу әдістерін талқылады, сондай-ақ тәлімгерліктің практикалық тәжірибесімен алмасты.
