«Сейфуллин оқулары – 16: Жаңа формациядағы жастар ғылымы – Қазақстанның болашағы» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференциясына

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті (әрі қарай – ҚазАТУ) сіздерді 2020 жылғы 24 сәуірде өтетін С.Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған «Сейфуллин оқулары – 16: Жаңа формациядағы жастар ғылымы – Қазақстанның болашағы» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференциясына қатысуға шақырады (конференцияға тек сырттай қатысу қарастырылған).

Конференция қалыптасқан дәстүр бойынша студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілердің жұмыстарын таныстыру және талқылауға арналған пікірлесу алаңы болып табылады.

Конференцияға қатысу – бұл ғылыми зерттеулердің басым бағыттары бойынша сындарлы пікір алмасуға, инновацияларды, зияткерлік дағдыларды дамытуға, жастар арасында ғылымды танымал етуге мүмкіндік беретін өзінің ғылыми жұмыстарын жария етуге тамаша мүмкіндік береді.

Конференцияға ғалымдар, профессорлық-оқытушылар құрамы, докторанттар, магистранттар және студенттер шақырылады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.