17 сәуірде «Bolashaq» Академиясының студенттері студенттік өзін-өзі басқару бойынша кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізу шеңберінде Теміртау қаласының №17, №27, және №11 мектептеріне барды. Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының мақсаты: -оқу бейінін және болашақ кәсіби қызмет саласын таңдау процесінде оқушыларға кәсіптік бағдар беру; -оқушылар бойында өз мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сәйкес және еңбек нарығының […]
Жаңалықтар
16 сәуірде кәсіптік-бағдарлау жұмысы барысында «Bolashaq» Республикасының студенттері №14 лицейде болып қайтты. Мақсатты аудитория 9-11 сынып оқушылары болды. Болашақ талапкерлерге жарқын, айшықты бейнеролик көрсетіліп, Академияның басты артықшылықтары, біздің академияның мүмкіндіктері мен қызықты студенттік өмірі туралы айтылды. Барлық туындаған сұрақтарға студенттер толық жауап беріп, оқу өмірінен қызықты әңгімелер айтты. Оқушылар мұқият […]
2024 жылғы 21 сәуірде жалпы білім беру пәндері кафедрасының аға оқытушысы, Қарағанды облыстық туристік клубының мүшесі А.У Илясова Орталық Қазақстандағы альпинизм және тау туризмінің негізін қалаушы Н.В. Пагануцци туралы басылымның 2-томына материалдар жинай отырып, В.И. Рацек атындағы альпинизм мұражайына барды. Владимир Иосифович Рацек Орта Азиядағы альпинизмнің негізін қалаушылардың бірі, кадр […]
2024 жылғы 22 сәуірде 6В01301- «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша ПМНО-20-2 тобының (күндізгі бөлім) студенттерінің дипломалды қорғауы өтті. Дипломалды қорғауға «Педагогика» кафедрасының доценті, п.ғ.к. Абилкасимова Г.К., доцент Ешмуратова Д.С., аға оқытушылар Сарбасова К.А., Жапанова Р.Н., Арунова Ж.А., Нуркенова Г.К., Косманова А.Б. және ПМНО-20-2 тобының студенттері қатысты. […]
22.04.24 ж. «Bolashaq» Академиясының ШТ және МК кафедрасының кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының аға оқытушысы М. К. Абдрешева 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кәсіптік бағдар беру іс-шарасы Қарағанды қаласының №16 жалпы білім беретін мектебінде «Bolashaq» Академиясын таныстыру және оқушыларды біздің «Шет тілі: екі шет […]
19 сәуір 2024 жылы Павлодар қаласы С.Торайғыров университетінде Академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған «XXIV СӘТБАЕВ ОҚУЛАРЫ» атты Халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылып, конференцияның салтанатты ашылуы университет алаңында өтті. Ғылыми конференцияға мектеп оқушылары, студенттер, магистранттар, жас ғалымдар қатысты. Шараның ашылуында ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки, Павлодар […]
2024 жылғы 19 сәуірде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шет тілі: екі шет тілі ББ 1-2 курс студенттері және кураторлар М.К. Абдрешева мен Р.Р. Ганеев сенбілікке қатысты. Ауқымды экологиялық акция бес аптаға созылады, олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналады. 13 сәуірге дейін созылатын бірінші апта «Таза өлке» деп аталады […]
20 сәуір күні «Bolashaq» Академиясында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен республикалық акция бойынша сенбілік өткізілді. «Тазалық – табалдырықтан басталады», демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Республика көлемінде жүргізіліп жатқан қызу тазалық жұмыстарына академия қызметкерлері және студенттері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық […]
2024 жылғы 19 сәуірде Қарағанды қаласының «Жұлдыз» бөбекжай/балабақшасы базасында жұмыс берушілермен кездесу өтті. Кездесуге Педагогика кафедрасының 6В01201 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» ББ оқытушылары мен студенттері: п.ғ.к., доцент Шалтаева Роза Жиембаевна. п.ғ.м., аға оқытушы Жанысбаева Роза Мазраповна, ДОВ 20-2 тобының 4 курс студенттері Әбіш Толғанай, Бөкен Алтанцэцэг қатысты. Іс-шара […]
Бірнеше семестр бойы «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының мазмұнында «Негізгі шет тілінің практикалық курсы» пәні оқытылды. Оның негізгі мақсаты-осы ББ студенттерінің сөйлеу дағдыларын тереңдету. Ашық сабақта ШТ және МК кафедрасының оқытушысы Құрман Нұршат Көккөзқызы ИН-23-1, 2 топтарында студенттердің сөйлеу дағдыларын қалай жандандыру, зерттелетін тақырып бойынша бейімделмеген мәтіндерді […]
19.04. 24 ж. «Bolashaq» Академиясы студенттері “Таза Қазақстан” Республикалық экологиялық акциясына байланысты қала орталығында орналасқан ұлы Абай ескерткішінің маңайында сенбілік өткізді. Екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналған «Киелі мекен» сенбілігі болатын. Біздің студенттер ескерткіш маңайын тазалап, ескерткішті жуып, қала тазалығына өз үлестерін қосты.
Су тасқынынан елдің батыс және солтүстік аймақтары зардап шегіп жатқандығы баршаға мәлім. Су тасқынынан зардап шеккен халыққа мемлекет пен халық үлкен қолдау көрсетуде. Еліміздің барлық өңірлерінде қажетті заттарды жинау бойынша қабылдау пункттері ашылды.«Bolashaq» Академиясы қызметкерлері, оқытушылары мен студенттері зардап шеккен аймақтардың тұрғындарына қолдан келгенше көмек көрсетуді өздерінің міндеті деп санайды. […]
2024 жылғы 18 сәуірде Skype платформасында 6В01201 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» ББ бойынша Академиялық комитеттің отырысы өтті. Педагогика кафедрасының меңгерушісі Абдрахманова Алуа Сабитовна 2024-2025 оқу жылына арналған оқу жұмыс жоспарын ұсынды. Алуа Сәбитовна білім беру бағдарламасы мен құзыреттілік картасымен таныстырды. ДОВ ББ Академиялық комитетінің жаңа құрамымен таныстырды: Бегайдарова Айгүл […]
2024 жылғы 17 сәуірде «Педагогика және психология» (Магистратура) 7М01101 ББ-ға 2024-2025 оқу жылына қабылдау үшін білім беру бағдарламасын әзірлеу бойынша кафедра Академиялық комитетінің отырысы өтті. ББ талқылауына педагогика кафедрасының ПОҚ, Академиялық комитет мүшелерімен, академияның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен бірге жұмыс берушілер, магистранттар, түлектер, сондай-ақ, Қарағанды «Өрлеу»филиалының өкілі, «Педагогика және пәндік әдістер» […]
2024 жылғы 16 сәуірде сағат 11.00-де А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін насихаттау мақсатында «Қазақтану» дәрісханасы өтті. Осыған байланысты, іс-шарада ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Шанай Назипа Ыдырысқызы және республикалық «Заң» газетінің парламенттік […]